САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АӨК-дегі сақтандыру саласындағы оператордың функцияларын іске асырады.
2020 жылы сақтандыру сыйақыларының бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын мынадай сақтандыру өнімдерін бекітілді:
Егіншілік шаруашылығы:
1. топырақтың ылғалдылығы тапшылығының индексін сақтандыру (3 фаза);
2. топырақтың ылғалдылығы тапшылығының индексін сақтандыру (2 фаза);
3. топырақтың шамадан тыс ылғалдылық индексін сақтандыру.
Мал шаруашылығы:
1. жануарларды сақтандыру (қалыпты түрде қамту);
2. жануарларды сақтандыру (кеңейтілген түрде қамту);
3. ұсақ малды сақтандыру (қалыпты түрде қамту);
4. ұсақ малды сақтандыру (кеңейтілген түрде қамту);
5. жылқыларды сақтандыру (қалыпты түрде қамту);
6. жылқыларды сақтандыру (кеңейтілген түрде қамту);
7. құстарды сақтандыру.
Сақтандыру Qoldau.kz сайтында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисі арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері топырақтағы ылғалдан индексті сақтандыру бойынша жасалған келісімдердің шеңберінде жасалған 112 сақтандыру шарты бойынша 176,1 млн теңге сомасында субсидия төленді.
«Jusan garant», «VICTORIA» және «Nomad Insurance» сақтандыру компаниялары 144,8 мың га егінді сақтандырды, оның ішінде 121,3 мың га - құрғақшылықтан, 23,5 мың га - жаңбырдан.
2021 жылы сақтандыру жағдайларының орын алуы нәтижесінде 92 топырақты ылғалдан сақтандыру шарттары бойынша төлемдер 824,7 млн теңгені құрады, оның ішінде:
Мал шаруашылығы саласында 39 сақтандыру шарты жасалды:
- 6 200 ірі қара мал басына;
- 354 ұсақ мал басына;
- 2 059 512 құс басына.
Олар үшін сақтандыру сыйлықақысын субсидиялау 51 миллион теңгені құрады.