Кепілдендіру жөніндегі функцияларды беру
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 13 шешімімен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның арасында барлық құқықтарды, міндеттерді, талап ету құқықтарын, құжаттарды және кепілдік беру жөніндегі ақпаратты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на толық көлемде беру (басқаға беру) жөніндегі мәміле жасасу мақұлданды.
Осыған байланысты 2021 жылғы 1 қарашадан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның несиелерді кепілдендіру жөніндегі функциялары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на ауысады (беріледі).
