Қараой ауылының тұрғыны Бақыткен Әділбековтің кәсіппен айналысқанына көп те болған жоқ. Істен тәжірибесі бар ағайын-таныстардың ақылын тыңдап, таңдау мал шаруашылығына түседі.
Совхоздың қат-қабат тірлігімен шыңдалып өскен Бақыткенге мал жайы таңсық емес. Осылайша, іске білек түре кіріскен ол «Gold» шаруа қожалығын ашады.
Қажетті құжаттарын реттеп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы несие рәсімдейді. Қолдағы уақ мал басын көбейтуді мақсат тұтады.
http://aulieatanews.kz/2021/10/28/k-sip-e-bekpen-ke-ejedi/