СТЕПНОЙДІҢ ІРІ ҚАРАЛАРЫ Қордай ауданына қарасты Степное ауылының тұрғыны Амида Жарасова Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл филиалынан несие алуға өтінім тапсырды. Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізіп, несие қаражатына 10 сауын сиыр сатып алды. Кәсіпкер әйелдің мақсаты - ірі қара мал санын арттырып, аудандағы мал шаруашылығына өзінің үлесін қосу, отбасына табыс көзін ұйымдастыру. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл филиалы мал шаруашылығын дамытамын деген ауылдық елді мекен кәсіпкерлеріне 6,5 жылға 6 процентпен, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне 4 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. 6 ай жеңілдік мерзімі бар. #АШҚҚҚ #ФФПСХ #Еңбек #мал_шаруашылығын_дамыту #несие #кредит #Жамбыл #Қордай #Степное #мал_шаруашылығы #ірі_қара #КРС

Теги:

Теги других блогов: