Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылының тұрғыны Шахмардан Ахметжанов - кішігірім мал шаруашылығының игесі. Мал басын көбейту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Қызылорда филиалына өтінім беріп, жасы 37-60 ай аралығындағы асыл тұқымды емес 4 бас аналық жылқы сатып алды. Несие мерзімі - 78 ай. Жылдық сыйақысы - 4%. Жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өз үлесін қоспақ. Іске сәт! Айта кетейк, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Қызылорда филиалы кәсіппен айналысамын деген кәсіпкерлерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы мүшелеріне 4 пайызбен 16 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар. #кредит #несие #ауылшаруашылығы #АШҚҚҚ_Қызылорда

Теги: сылки

Теги других блогов: сылки